"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

The New York Times моңғолиялық тағы бір бүркітші қыз туралы жазды

The New York Times моңғолиялық тағы бір бүркітші қыз туралы жазды
24 Желтоқсан 2018, 15:06 407 0

Фото: The New York Times

Астана, BAQ.KZ. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына қарасты Сақсай ауданында (сұмын) тұратын жас бүркітші Заманбол Талапқызы жайлы The New York Times газетінің 22 желтоқсандағы номерінде жарияланды.

Мақалада "Бүркітпен аң аулайтын 14 жастағы аңшы қыз. Бүркітшілікті атасы Мәтейден үйренген. Сабақтан тыс, демалыс уақытында ауылда тұратын үйіне барып, бүркітпен аң аулауды ұнатады" деп жазылған.

"Атам бүркітті қалай баптап, қолға қалай шақырып, шырғаға қалай шақыруды, бүркітпен қалай аң аулау керектігін кішкентай кезімнен үйретті. Атаммен бірге бүркітпен қасқыр аулаған кездеріміз де болды. Атам қайтыс болған соң, оның мұрасын жалғастырып, бүркітші болғым келді" - дейді Заманбол Талапқызы The New York Times газетінің тілшісіне берген сұқбатында.

Сонымен қатар, аталған мақалада бүгінгі таңда бүркітшілікті дамытып отырған Моңғолия қазақтары екені жазылған.

"Бүркітшілік дәстүрі ежелден бері сабағын үзбей жалғастырып келе жатқан ұлттың бірі Моңғолия қазақтары. Мұндағы қазақтар жыл сайын “Golden Eagle Festival” атты үлкен шара ұйымдастырып, шетелден келетін туристердің қызығушылығын арттырып отыр. 2014 жылы “Golden Eagle Festival”- да бас жүлдені жеңіп алған Айшолпан жайлы деректі фильм 2016 жылы жарыққа шығып, бүркітшілік дәстүрді әлемнің түкпір-түкпіріне тараттты. Қазіргі таңда Баян-Өлгейде 400-ге жуық бүркітші бар" - делінген мақалада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Жандос