Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жаңа қызметке ие болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бірі жанып кетті: Қаза тапқан адам бар

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бірі жанып кетті: Қаза тапқан адам бар
видеодан скриншот

Атырау облысында екі автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты. Соққыдан кейін көліктердің бірі өртеніп кеткен.

Қайғылы оқиға Атырау – Индер облыстық маңызы бар тасжолының 17-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолда Toyota Sienna және «Нива» маркалы автокөліктер соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан «Нива» көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алып, жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Ал Toyota Sienna автокөлігі апаттан кейін отқа оранып, толығымен жанып кеткен.

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден түсірілген бейнежазба тарады. Кадрлардан көліктің жалынға оранғанын көруге болады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер