Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жаңа қызметке ие болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“4 күндік сәби бар”: Астана-Петропавл тасжолында жол апаты орын алды

“4 күндік сәби бар”: Астана-Петропавл тасжолында жол апаты орын алды
Фото: ашық дереккөз

Жол апаты 7 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo жүк көлігі, Hyundai Genesis және Lada Granta автокөліктері соқтығысқан.

Астана – Петропавл тасжолында үш көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті. Жараланғандардың арасында төрт күндік нәресте мен 13 жастағы бала бар. Қазір дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қалуға күш салып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Салдарынан алты адам түрлі жарақат алған. Олардың арасында кәмелетке толмаған екі бала да бар. Hyundai Genesis көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Әсіресе төрт күндік нәрестенің жағдайына ерекше назар аударылып, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.