Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жаңа қызметке ие болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бұрынғысынан 15 есе үлкен: Бейнеуде жаңа вокзал жыл соңына дейін ашылмақ

Бұрынғысынан 15 есе үлкен: Бейнеуде жаңа вокзал жыл соңына дейін ашылмақ
Фото: GOV.KZ

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында бір мезетте 1 300 жолаушыға қызмет көрсете алатын жаңа теміржол вокзалы салынып жатыр.

Үш қабатты ғимаратты 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты. Аумағы 3 500 шаршы метр болатын вокзалдың құрылысы 2025 жылы басталған. Қазір ішкі әрлеу мен инженерлік жүйелерді орнату жұмыстары шамамен 90 пайызға орындалған. Құрылысқа 130-дан астам жұмысшы мен 15 арнайы техника жұмылдырылған.

Вокзалда лифтілер мен эскалаторлар орнатылады. Екінші қабатта кофехана, сауда дүңгіршектері, бутиктер, коворкинг пен демалыс аймақтары болады.

Нұрдәулет Қилыбай мердігерге құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, сапа мен қауіпсіздік талаптарын сақтауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс пен абаттандыру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, вокзалды пайдалануға беруге қажетті құжаттарды уақытылы рәсімдеуді міндеттеді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.