Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

тест тапсырушылардан 90 мыңнан астам телефон алынды

тест тапсырушылардан 90 мыңнан астам телефон алынды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы түлектерден алынған телефон мен шпаргалкалардың фотосын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден 90 мыңнан астам телефон мен 2 мыңға жуық шпаргалка алынған. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол Facebook-тегі жеке парақшасында ҰБТ кезінде түлектерден қаншы тыйым салынған зат анықталғанын хабарлаған.

"Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде 90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка алынды. Құрметті ата-аналар мен мұғалімдер, балаларды әділ бәсекелестік пен білім алуға дайындайықшы. Жүйені алдауға үйрету керек емес. Бұл жолдың болашағы жоқ", - деп жазды Смағұлов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Осыған дейін Қазақстанның білім және ғылым министрлігі ҰБТ кезінде түлектерден тыйым салынған заттар: ұялы телефон мен шпаргалка анықталған кезде олардың тестілеуден шығарылмағанын хабарлаған.

Кейін министрлік тәртіпті бұзғаны үшін 4 түлектің тестілеуден шығарылғанын мәлімдеді.

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусымнан 30 маусым аралығында өтті.

Тестілеудің қорытындысын:

edu.mail.kz;
edu.gov.kz Telegram-bot-ынан;
Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан білуге болады.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан