Tengri Bank төлем карталарын қолдану арқылы жүргізілетін операцияларға шектеулер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Tengri Bank" АҚ Tengri + жеке тұлғаларға арналған мобильді банкингте келесі уақытша шектеулер енгізілетіндігін хабарлайды:
- 9 сәуірден бастап банктік шоттарды пайдалану арқылы шетел валютасын айырбастау (сатып алу / сату) бойынша операциялар уақытша тоқтатылды;
- 10 сәуірден бастап Beeline ұялы байланыс операторына төлемдерді тоқтата тұру енгізілді;
- 14 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының басқа екінші деңгейдегі банктерінде ашылған банктік шоттарға және төлем карточкаларына аударымдармен байланысты операцияларға тәуліктік жиынтық лимит түрінде уақытша шектеу енгізілді, тек 20000 ғана аударуға болады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 14 сәуірден бастап банк күніне 50 мың теңге көлемінде төлем карточкаларын қолдануға лимит енгізді.
"Tengri Bank" АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін клиенттерден кешірім сұрады.
stan.kz