Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Теміртау тұрғындары сусыз қалды

Теміртау тұрғындары сусыз қалды

Теміртаудағы су құбырының қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігі ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды Kznews.kz.



Мұз басқан су құбырының зардабы бірнеше кварталға, соның ішінде Абай және Чайковский көшелеріне тиді.


Сондай-ақ, №21 орта мектеп, №3 қалалық аурухана, балалар ауруханасы, №1 емхана және Әубәкіров гимназия ауыз судан қол үзді. Қазіргі уақытта жұмыс бригадалары шұғыл түрде құбырларды жылытуды жүзеге асырады. Тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілмегендіктен наразылық білдіріп, дүкендерде су тез сатылатынын атап өтті.

Коммуналдық қызметтер мен әкімдік осы мәселе бойынша әзірге ресми ақпарат берген жоқ.

Кеше үкімет Қазақстандағы жылу желілерінің тозуы жайлы айтқан болатын.

Автор
Данияр