Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Telegram арқылы вейп сатқан павлодарлықтардан 53 мың өнім тәркіленді

Telegram арқылы вейп сатқан павлодарлықтардан 53 мың өнім тәркіленді

Павлодар облысында вейптің заңсыз айналымымен айналысқан төрт адам ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz Қаржы мониторингі агенттігінің өңірлік департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы вейп өнімдерін негізінен оқушылар мен жастарға сатып отырған. Заңсыз сауда нәтижесінде жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын 53 мыңнан астам вейп тәркіленді.

Қылмыстық жолмен алынған табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін олар банк карталары рәсімделген дропперлерді пайдаланғаны анықталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, сот санкциясымен заңсыз табысқа сатып алынған үш автокөлікке – Toyota Land Cruiser, Toyota Highlander және Chevrolet Camaro маркалы көліктерге арест қойылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.