Балалар сабаққа келмесе де, ақша төлене ме? Астанада Face ID жүйесі төңірегінде дау туды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан азаматтығын алды

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан азаматтығын алды
әлеуметтік желіден

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ресейлік-америкалық кәсіпкер Алекс Машрабовтың Қазақстан азаматтығын алғанын мәлімдеді. Министр оған Қазақстан азаматының төлқұжатын табыстады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Алекс Машрабов – Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы. Бұл – генеративті жасанды интеллект арқылы бейне мен сурет жасауға және өңдеуге арналған халықаралық технологиялық стартап.

Higgsfield – Қазақстан тарихындағы алғашқы «единорог» атанған компания. Яғни стартаптың нарықтық бағасы 1 миллиард доллардан асады. Оның негізін ресейлік Алекс Машрабов пен қазақстандық Ерзат Дулат қалаған. Компанияның бас кеңсесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан.

Министрдің сөзінше, 2026 жылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматтығын беру туралы Жарлыққа қол қойған.

«Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматының төлқұжатын қуана табыстадым. Осы маңызды оқиғамен құттықтаймын», – деп жазды Жаслан Мәдиев.

Сондай-ақ министр Президенттің жасанды интеллектіні дамытуға және талантты мамандарды қолдауға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Алекс, Қазақстанға сенім білдіріп, еліміздің азаматы болуды таңдағаныңыз үшін рақмет. Бірлесе таланттарды қолдап, жаңа өнімдер жасап, Қазақстанның технологиялық әлеуетін нығайтамыз деп сенемін», – деп жазды министр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі