Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Telegram арнада Петропавлдық оқушылар мен студенттердің порно суреттері тараған

Telegram арнада Петропавлдық оқушылар мен студенттердің порно суреттері тараған

Петропавлда мектеп оқушылары мен студенттердің ашық, порно суреттері Telegram арнасында жарияланған, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Массагетке сілтеп.

Мессенджер арқылы 10 мыңға жуық жазылушысы бар Telegram арнаның сілтемесі белсенді түрде тарала бастаған.

Бұл арнада Петропавлдағы түрлі мектеп оқушыларының аты-жөні мен олар туралы толық мәлімет пен олардың бейәдеп суреттері, ішімдік ішу, темекі шегу, заңсыз заттарды қолдану, жыныстық сипаттағы әрекеттерді қамтитын фото-видеосы жарияланған. Кейбір материалдар порнографиялық сипатта екені айтылды.


Топқа кіру барлық пайдаланушылар үшін ашық болған.  Ал арнаның иесі мектеп оқушылары туралы кез келген ақпаратты қабылдап, жариялап отырған. Полицейлер жағдайға назар аударғаннан кейін арна жұмысын тоқтатқан.


Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Балалардың құқықтары мен абыройын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Олардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз," – деп хабарлады департамент өкілдері.
Автор
Данияр