Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Телефонын ваннадағы суға түсіріп алған қыз қайтыс болды

Телефонын ваннадағы суға түсіріп алған қыз қайтыс болды

Ресейдің Архангельск қаласында телефонын ваннаға түсіріп алған 24 жастағы қыз электр тоғы соғып, көз жұмды. Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады.

Үнемі суретке түсіріп жүретін ару телефонынан бір елі ажырамаған көрінеді. Жергілікті салондардың бірінде сатушы-кеңесші болып жұмыс істейтін қыз киім жарнамасын жасап жүріпті. Марқұмның көршісі басылымға оның қайтыс болғанын растады.

Оның айтуынша, оқиға қыздың отбасы үшін ауыр соққы болды. «Қыздың анасының жағдайы мүшкіл», – дейді марқұмның туыстары.

Ресейдің Архангельск облысы бойынша тергеу комитеті оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Әзірге ваннаға телефонның құлауы өлімнің негізгі себебі ретінде қарастырылуда.

Автор
Әлихан