KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Тексеретін заң жоқ па?”: Інісінің тойында ақша шашқан Ырысбала Икрамбай жұртқа жақпай қалды

• Айжан Сыланова
Коллаж: Sn.kz

Блогер Ырысбала Икрамбай інісінің үйлену тойын дүркіретіп өткізіп, беташар кезінде көпшіліктің назарын аударды. Алайда оның қонақтарға ақша шашқан әрекеті желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды kznews.kz.

Тойдың беташар рәсімі кезінде Ырысбала Икрамбай жиналған көпшілікке ақшалай шашу шашқан. Бұл көрініс әлеуметтік желіде тарап, қызу талқылауға себеп болды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі блогердің әрекетін ысырапшылдық пен мақтаншылыққа балап, сын пікірлерін білдірді.

«Тойынған екен», «Ысырапшылдық қой мынау», «Мақтану ма мақсаты?», «Нағыз құтырғандық», «Мына кісіні тексеретін заң жоқ па?», «Ақша шашқаны несі?» деп жазды оқырмандар.

Осылайша, інісінің қуанышына арналған той әлеуметтік желіде екіұдай пікір туғызып, блогердің ақша шашқан әрекеті көпшіліктің талқысына түсті.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →