110 мың теңге: Әлеуметтік секіріс пе, әлде инфляциялық тұзақ па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Текеліде трактор 11 жастағы қызды қағып, бала оқиға орнында көз жұмды

Текеліде трактор 11 жастағы қызды қағып, бала оқиға орнында көз жұмды
Фото: видеодан скриншот

Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан трактор жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен. Салдарынан 11 жастағы қыз аман қалмады.

Жетісу облысының Текелі қаласында жол жөндеу жұмыстарына тартылған трактор 11 жастағы қызды қағып кетті. Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тракторды басқарған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелері мен жөндеу жұмыстары кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптарының орындалған-орындалмағаны тексеріледі.

Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға қатысты құқықтық баға беріледі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.