«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шымкентте қайырымды іс жасады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шымкентте қайырымды іс жасады

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласының Абай ауданы әкімдігі 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында бүлдіршіндерге сый жасады. Әкімдіктің ұйымдастыруымен жомарт азаматтар мұқтаж отбасының балаларына киім-кешек үлестірді. Жергілікті саз колледжі ұжымымен бірлесіп, концерттік бағдарлама қойылды.

Абай ауданының әкімі Бұқарбай Пармановтың айтуынша, ұлық мерекеге орай өткізілген қайырымдылық шарасына жаны жомарт кәсіпкерлер көмек қолын созыпты.

"Тәуелсіздік күні – қазақ халқы күшін үлкен ерекше мереке. Бабаларымыз аңсаған арманына қол жеткізді. Әрбір қазақстандық тәуелсіздіктің қадірін түсінеді. Біз Тәуелсіздікті қастерлеуіміз керек. Бұл үшін әрбіріміз мемлекетіміздің дамып, көркейіп, гүлдене беруіне үлесімізді қосып, талмай еңбек етіп, тер төгіп, атсалысуымыз шарт. Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекемесіне құттықтаймын",-дейді аудан әкімі Б. Парманов.

Салтанатты іс-шара барысында аудан басшысы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды және әрдайым қайырымдылық іс-шараларынан шет қалмайтын кәсіпкерлерді марапаттады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан