KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою

KZNEWS

Қазақстан желтоқсанның 16-сында тәуелсіздік күні мейрамын атап өтті. Жексенбі күні таңертең Алматының орталығындағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсіміне жергілікті билік басшылары, бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Азаттық тілшілері ескерткіш маңында полиция қызметкерлерінің әдеттен тыс көптігін, полицияның арнайы көліктері, өрт сөндіру теxникасы қойылғанын байқады. Бұған қоса жұртшылық 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар құрметіне Алматыда орнатылған "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл қойып, тәуелсіздік үшін күресте құрбан болғандарға құран бағыштады.

Дереккөз: Азаттық
KZNEWS
Автордың басқа материалдары