Бәрекелді, БЖЗҚ: зейнетақы активтері 28,5 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО)

«Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Той барысында блогердің ұлы Әлемнің тұсауын белгілі әнші Қайрат Нұртас кесті.

Қазақстандық танымал блогер әрі кәсіпкер Елдос Колобок көптен күткен тұңғышы Әлемнің бір жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады. Мерекелік кешке танымал әншілер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды kznews.kz

Олардың қатарында Ләйлә Сұлтанқызы, Мөлдір Анарбаева, Қарақат пен Қыдырәлі, Жазира мен Жанболат сынды өнер және медиа өкілдері болды.

Той барысында блогердің ұлы Әлемнің тұсауын белгілі әнші Қайрат Нұртас кесті. Елдос Колобок бұл таңдауының себебін түсіндіріп, әншіге деген ерекше құрметін білдірді.

«Бұл кісінің орны бөлек. Қанша жылдар бойы киелі сахнаның легендасы. Өзі бағындырған биік шыңы бар. Басынан таймайтын бағы бар. Сондай бақ біздің баламызға да бұйырсын деп ниет еттік», – деді блогер әрі кәсіпкер Елдос.

Мерекелік шара желі қолданушыларының да назарын аударды. Желіде тойға қатысты түрлі пікірлер айтылып, әсіресе Әлемнің тұсауын Қайрат Нұртас кескені қызу талқыланды.

Сондай-ақ той иелері тұсаукесер рәсіміне қатысқан әншіге қомақты қаржы мен бағалы сыйлық тарту еткені айтылды. 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.