Тоқаев ҰҚК төрағасына бірқатар қатаң тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Өзіңді қатты сағындым»: Олжас Абай марқұм әкесіне жүрекжарды жазба арнады (ВИДЕО)

«Өзіңді қатты сағындым»: Олжас Абай марқұм әкесіне жүрекжарды жазба арнады (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Желі қолданушылары актердің жазбасына пікір білдіріп, оның әкесіне қатты ұқсайтынын атап өтті.

Танымал актер Олжас Абай марқұм әкесін еске алып, оған деген сағынышын жеткізді. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz

Актер әкесіне арнаған жазбасында соңғы жылдары өмірге деген көзқарасы өзгеріп, көп нәрсені түсінгенін айтты. Сондай-ақ бұрынғы жаман әдеттерінен арылып, өзін тәрбиелеуді және сабыр сақтауды үйренгенін жеткізді.

«Әкешім, өзіңді қатты сағындым…

Қазіргі жетістіктерімді көрсең ғой… Мен үшін қатты қуанар едің. Қазір балаң көп нәрсені түсінді, талай нәрсеге көзқарасы өзгерді. Бұрынғы жаман әдеттерін тастады, өзін тәрбиелеуді, сабыр сақтауды, өмірге басқаша қарауды үйренді. Ендігі мақсаты – алған тәжірибесімен басқалармен бөлісу. Әкешім… бәрі үшін рақмет», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары актердің жазбасына пікір білдіріп, оның әкесіне қатты ұқсайтынын атап өтті.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.