«Күлпәш» премьерасы соңғы сәтте тоқтатылды: Ақан Сатаев себебін түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Құтырған, әбден тойынған”: Мейрамбек Бесбаев 15 миллионға домбырасын сатты

“Құтырған, әбден тойынған”: Мейрамбек Бесбаев 15 миллионға домбырасын сатты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Осыған байланысты Мейрамбек Бесбаев домбыраның жоғары бағаға сатылуының мәнін түсіндірді.

Әнші Мейрамбек Бесбаев 50 жылдық мерейтойында домбырасының 15 миллион теңгеге сатылуына қатысты түсініктеме берді. Өнер иесі аукцион өткізудегі басты мақсаты қаражат жинау емес, ұлттық аспаптың қадір-қасиетін арттыру болғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске салайық, әншінің мерейтойлық кешінде оның домбырасы аукционға қойылып, аспапты жақын достары 15 миллион теңгеге сатып алған еді. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, өнер иесінің әрекетіне қатысты түрлі пікір айтылды. Кейбір қолданушылар аукционды сынға алған болатын.

Әншінің айтуынша, достары мұндай қадамға қаржы үшін емес, ұлттық аспаптың бағасын көтеріп, мерейтойды ерекше әрі есте қаларлықтай өткізу мақсатында барған.

«Қазақтар қосқанды жақсы көреміз ғой. “Бұл әртістер құтырған, әбден тойынған” деп жатады. Жігіттер домбыраның қадірін көтергісі келді. Әйтпесе, сол ақшадан ақша алады дейсіңдер ме? Немесе домбыраны сатып, ақшасына мейрамхананың шығынын жабады дейсіңдер ме? Ондай жоқ. Негізі, шынымен де бере алатын мәрт жігіттер ғой. Тек қызық болсын, есте қалсын деп, домбыраның қадірін көтергісі келді», – деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі мерейтой кешінде екі домбыра болғанын атап өтті. Оның сөзінше, келіні Айжан да ұлттық аспаптың біріне ерекше қызығушылық танытып, қымбат телефоннан гөрі қазақтың ұлы тұлғаларының қолтаңбасы қойылған домбыраны таңдаған.

«Екі домбыра еді. Келініміз Айжан: “Маған айфон керек емес, ұлылардың қолы қойылған домбыра керек” деп, оның қадірін одан сайын көтерді. Аман болыңыздар. Бәріңізге осы жігіттердің жолы жұғысты болсын», – деді Мейрамбек Бесбаев.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.