Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Тастаймын-ау сені": Дариға Бадықова көрермендерге тағы жаңа кино ұсынбақ

"Тастаймын-ау сені": Дариға Бадықова көрермендерге тағы жаңа кино ұсынбақ

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова рекорд орнатып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген "Таптым-ау сені" фильмінен кейін жаңа жобаны қолға алды. Өнер иесі "Тастаймын-ау сені" киносының түсірілімін бастап кеткен, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Дариға Бадықова жаңа фильмнің түсіріліміне кірісіп кеткені туралы Instagram парақшасында айтты. Актриса көрермендер көңілінен шыққан алғашқы туындысынан кейін арасын ұзартпай, тағы бір тың туынды жарыққа шығаруды жөн көрген. Өнер иесі бұл жолы көрермендер қауымына "Тастаймын-ау сені" атты киноны ұсынбақ. Аталмыш фильмнің тұсаукесері мамыр айына жоспарланған. "Құрметті болып өмір сүрген жақсы, бірақ жауапкершілігі үлкен! Badykova production мен Олжас Абай коллоборациясынан тағы бір жаңа туынды. Мамыр айында еліміздің барлық кинотеатрларында ерекше жанрдағы фильмді күтіңіздер", - деп қызықтырып қойды Бадықова.

Автор
Данияр