Ол Instagram парақшасында мерекелік кештен кадр жариялап, бұл шараны жүргізу өзіне бұйырғанын жеткізді.
"Тасмағамбетовтер әулетіндегі кезекті қуанышты маған жүргізу бұйырған екен. Приколды тек іштей айтып жүргіздім. Осында тұрсын", – деп жазды асаба.
Желі қолданушылары жарияланымға түрлі пікір қалдырып, мерекелік кешке назар аударған.
Дегенмен асаба жазбасында Тасмағамбетовтер әулетіндегі қуанышты оқиғаның нақты кімге қатысты екенін ашып айтпаған.