Белгілі асаба Дамир Мырзагереев әлеуметтік желідегі парақшасында Тасмағамбетовтер әулетінің қуанышына жүргізуші болғанын айтты.
Ол Instagram парақшасында мерекелік кештен кадр жариялап, бұл шараны жүргізу өзіне бұйырғанын жеткізді.
"Тасмағамбетовтер әулетіндегі кезекті қуанышты маған жүргізу бұйырған екен. Приколды тек іштей айтып жүргіздім. Осында тұрсын", – деп жазды асаба.
Желі қолданушылары жарияланымға түрлі пікір қалдырып, мерекелік кешке назар аударған.
Дегенмен асаба жазбасында Тасмағамбетовтер әулетіндегі қуанышты оқиғаның нақты кімге қатысты екенін ашып айтпаған.