Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ташкентке газ Қазақстан арқылы тасымалданады

Ташкентке газ Қазақстан арқылы тасымалданады
31 Желтоқсан 2018, 11:43 257 0

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан мен Өзбекстанның ұлттық газ операторлары – "КазТрансГаз" және "Узтрансгаз" компаниялары Ташкенттегі тұтынушыларға өзбекстандық табиғи газды Қазақстан территориясы арқылы тасымалдап жеткізу туралы келісімге тұңғыш рет қол қойды.

Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап хабарлады.

"Өзбек газын Қазақстан территориясы арқылы жеткізу туралы келісімге екі елдің экономикалық және өңіраралық тығыз байланыс орнату жөніндегі жаңа бағдарларына сәйкес қол қойылды. Өзбек газын Қазақстан территориясы арқылы тасымалдау қыс мезгілінде Ташкент қаласын отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді" деп хабарлаған "КазТрансГаз".

Келісім шарттары бойынша, Қазақстан территориясы арқылы бір миллиард текше метрге дейін өзбек газы тасымалдануы тиіс. Келісім қол қойылған күннен – 2018 жылғы 29 желтоқсаннан бастап күшіне енген.

Өзбек газы "Газли - Шымкент" және "Бұхара газды ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы" газ құбыры желісі арқылы тасымалданады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан