Ерке Есмахан өз фильмнің Төреғали басты рөлді сомдаған "Ұлы дала комедиясымен" бір уақытта шығуын жай ғана сәйкестік деп түсіндірді.
Әнші "Махаббат кафесі" кинокартинасының дәл осы кезде шықанын әдейі мақсат етпеген.
"Біріншіден, біз Төреғалидің киносы қашан шығатынын білген жоқпыз. Көрсетілім күнін алдын ала белгілеп қойғанбыз. Оның туындысы бізден бұрын шығатынын одан кейін бірақ естідік. Ол енді сәйкестік шығар. Білмеймін ғой, Төреғали екеуміздің бір-бірімізге деген тартылыс күшіміз бар." , - деді әнші.
Өнердегі әріптесімен қатар фильм шығаруын сәйкестікке теңеген Ерке қай туындының көбірек ақша әкелетінін халық шешетінін айтты.