"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қаралы хабар! Қазаққа танымал актер 75 жасына қараған шағында көз жұмды (ФОТО)

Қаралы хабар! Қазаққа танымал актер 75 жасына қараған шағында көз жұмды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Анатолий Креженчуков 75 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаралы хабарды марқұм ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының баспасөз қызметі растады. Театр ұжымы актердің біраз уақыт ауыр дертпен күрескенін айтып, оны талапшыл, принципшіл әрі шығармашылық ұжымның рухын қалыптастырған тұлға ретінде еске алды. Әріптестері мен көрермендер әлеуметтік желіде көңіл айтып, оның өнерге сіңірген еңбегіне құрмет білдіруде.

Анатолий Креженчуков 1950 жылдың 4 наурызында Алматы қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтын тәмамдап, сол жылы Лермонтов театрының труппасына қабылданды. Театр сахнасында 100-ден астам рөл сомдап, көрерменнің зор ықыласына бөленді. Оның есте қалған бейнелері қатарында "Ревизордағы" Городничий, "Вишнёвый садтағы" Пыщик, "Варварлардағы" доктор Макаров бар.

Актер кино және телевизия саласында да табысты еңбек етті. Көпшілікке ол "Перекрёсток" телехикаясындағы дәрігер Платонов рөлі арқылы кеңінен танылды. Сондай-ақ "Возвращение сына", "Граница", "Ликвидатор", "Махамбет" фильмдеріне түсті.

Анатолий Креженчуков қазақ өнерінің тарихында өзіндік орны бар, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген актер ретінде ел жадында қалды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер