Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тараздағы алаңға Назарбаевтың есімі берілді

Тараздағы алаңға Назарбаевтың есімі берілді

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жамбыл облысының әкімдігі мен мәслихаты "Достық" алаңын "Нұрсұлтан Назарбаев" алаңы деп қайта атау туралы шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Тараздағы "Достық" алаңы енді "Нұрсұлтан Назарбаев" алаңы болып аталады.

Тиісті қаулы "Әділет" ашық ақпараттық-құқықтық актілер порталында жарияланды. Құжат мәтінінде заңнамаға сәйкес, өңір халқының пікірі ескеріле отырып және үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат Тараз қаласындағы "Достық" алаңының атауын "Нұрсұлтан Назарбаев" деп өзгерту туралы шешім қабылдағаны жазылған.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың Нұр-Сұлтандағы ескерткіші жайлы не белгілі?

"Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдап, шаһардағы басты көшелердің біріне Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы атауын берген еді.  


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан