"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда жергілікті тұрғынды жазаламақшы болған кәсіпкерлер ұсталды - новости Казахстана

Таразда жергілікті тұрғынды жазаламақшы болған кәсіпкерлер ұсталды - новости Казахстана

Таразда "Playstation" ойын құралын жалға берген үш жігіт, оны қайтарғысы келмеген азаматты жазаламақшы болған. Олар 28 жастағы тұрғынды көліктің жүк салғышына салып, қаланың сыртына шығып бара жатқанда тәртіп сақшыларына ұсталған деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: news.ykt.ru

Полицияның хабарлауынша, 28 жастағы қала тұрғыны кепілге досының құжатын қалдырып, "Playstation"-ді жалға алған. Бірақ ол ойын құралын қайтарғысы келмей, кәсіпкер жігіттердің ашуына тиіпті.

Тәртіп сақшылары 23 жастағы екі жігітті оқиға орнында ұстағанын, 29 жастағы үшіншісін кейінірек құрықтағанын хабарлады.

Полицияның айтуынша, жәбірленуші жүк салғыштың саңылауы арқылы жолды көріп, хабарын беріпті.

"Іс бойынша ҚК 389 бабы 3 бөлігімен күш қолданумен немесе оны қолдану қатерін төндірумен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған іс әрекет, сондай-ақ, адамдар тобының адам ұрлауға оқталуы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Дереккөз: КТК

  

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар


Дереккөз: kaz.nur.kz
Автор
Бауыржан