"Мұғалімдерге негізсіз қысым жасауға болмайды": Оқу-ағарту министрі мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Бір құлағым естімей қалды": Актер Ерболат Әлқожа түсірілім кезінде ауыр жарақат алды

"Бір құлағым естімей қалды": Актер Ерболат Әлқожа түсірілім кезінде ауыр жарақат алды
фото: ашық дереккөз

Актер денсаулығына алаңдап, хабарласып жатқан жанкүйерлеріне әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы үн қатты. Ол жарақатты кино түсірілімі кезінде алғанын айтып, қазір жағдайы туралы бөлісті.

Қазақстандық актер Ерболат Әлқожа түсірілім алаңында жарақат алып, бір құлағының есту қабілетінен айырылғанын мәлімдеді. Қазір өнер иесі Қырғызстанда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz

“Мен үшін уайымдап, жылы лебіздерін білдіріп жатқан барлық оқырманыма алғысым шексіз. Рақмет сіздерге! Бұл – түсірілімде болған жарақат. Мына құлағым мүлде естімей қалды. Қырғызстанның мықты дәрігерлері емдеп жатыр. Қырғыз бауырларымызға көп алғыс”, – деді актер.

Өнер иесінің жағдайын естіген қазақстандықтар алаңдаушылық білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік танытқан. Тіпті кейбірі ем-домына қаржылай көмек көрсетуге ниет білдірген.

Алайда Ерболат Әлқожа көпшіліктің көмегінен бас тартып, жанашырлық танытқандарының өзі үлкен қолдау болғанын жеткізді.

“Мен үшін уайымдағандарыңыздың өзі ем болды. Өзімді жақсы сезініп қалдым. Өзіңнің біреуге керек екеніңді сезінгеннің өзі – бақыт”, – деді өнер иесі.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.