Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерден кешірім сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда жасөспірім қыз 54 жастағы өгей әкесінен бала босанды

Таразда жасөспірім қыз 54 жастағы өгей әкесінен бала босанды

Таразда 16 жастағы оқушы қыз дүниеге сәби әкелді. Босанған қыз түскен облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлері оқиға туралы полицияға мәлімдеген. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Құқық қорғау органдары тергеуді бастап, негізгі күдік қыздың өгей әкесіне түскен. Ер адам өзінің қатысын жоққа шығарды. Бірақ әртүрлі зертханаларда жүргізілген екі тәуелсіз ДНҚ сараптамасы оның баланың әкесі екенін растады.

"Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қыздың 54 жастағы өгей әкесі анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды", – делінген Жамбыл облысының полиция департаментінің хабарламасында.

Автор
Данияр