KZNews.kz
Қоғам

Таразда химиялық зауытта жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Тараз қаласында 8 қараша күні жергілікті тұрғындар фосфор зауыты аумағынан көтерілген жарық жарқылын және ақ түтінді видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Бейнежазбалар көпшіліктің алаңдаушылығын тудырып, жағдай қызу талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Жаңа Жамбыл фосфор зауытындағы сары фосфор сақталатын қоймалардың бірінде тіркелген.

«Затты тасымалдауға арналған арнайы ыдыстарға құю барысында аз көлемде төгілу орын алған. Сары фосфор ауадағы оттекпен әрекеттесіп, қысқа уақытқа созылған тұтану процесін туындатқан», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айтуларынша, жалын зауыттың өз қызметкерлері тарапынан тез арада өшірілген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиға орнына барып, жағдайды бақылауға алды. Сонымен қатар, ақпарат Экология департаментіне және басқа да уәкілетті органдарға жолданған.

ТЖД мамандары қала тұрғындарына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын атап өтті. Зауыт аумағындағы ахуал толық бақылауда екені айтылды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары