"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда университеттен 300-ден астам студент пен магистрант оқудан шығып қалды

Таразда университеттен 300-ден астам студент пен магистрант оқудан шығып қалды

Тараз қаласындағы жоғарғы оқу орнынан 300-ден астам студент пен магистрант оқудан шығып қалды. Олардың барлығы да жалған құжат жасаған.

Тексеріс кезінде олардың ҰБТ-дан тиісті деңгейде балл алмағаны белгілі болды. Шетелдік университеттерде бір семестр оқығаны туралы сертификаттар беріп, кейін оқу орнын "ауыстырған".

Қазір Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті шетелдік университеттердің мөрлері мен қолдарының жаппай бұрмалануын тексеріп жатыр. Мұндай фактілер елдің басқа университеттерінде де болуы мүмкін.

"Биылғы оқу жылында бізге 400-ден астам студент пен магистрант ауысуға ниет білдірді. Біз бұл құжаттардың түпнұсқалығын тексердік. Олардың көпшілігі бойынша шетелдік білім беру ұйымдарында оқу фактілері расталмады. Бізге ауысуға ниет білдірген адамдардың 75%-дан астамын біз оқудан шығардық немесе оқуға қабылдамадық", - деді М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы Ержан Әмірбекұлы.

Автор
Нұрсұлтан