"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда әскери бөлім карантинге жабылды

Таразда әскери бөлім карантинге жабылды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімнің нақты неше қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырғаны қазірше белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Тараздағы әскери бөлім әскери қызметкерлердің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 01731 бөлімінің карантинге жабылғаны туралы ақпаратты растады.

"Иә, әскери бөлім карантинге жабылды. Біз жұқтырғандардың саны туралы айта алмаймыз", – деп мәлімдеді әкімдік өкілі.

Ал қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі аталған оқиғаның анық-қанығына қатысты жолданған редакция сауалына әлі жауап берген жоқ.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Таразда 20 әскери қызметкердің жұқпалы аурулар бөлімшесіне түскені туралы ақпарат тараған. Дезинфекциядан кейін әскери бөлім толықтай карантинге жабылған.

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері елдегі қоғамдық орындар мен көшелерді зарарсыздандыруға қатысады. Сондай-ақ, барлық облысаралық блок-бекеттерде әскери-патрульдік бақылау қызметтерін атқаруда.

25 сәуірде кешке Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 103 жағдайы тіркелді.


sputniknews.kz
Автор
Данияр