4 айлық сәбиімен курьер болған ана барлық көмектен бас тартты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал сериалдардың актрисасы 49 жасында ауыр дерттен көз жұмды (ФОТО)

Танымал сериалдардың актрисасы 49 жасында ауыр дерттен көз жұмды (ФОТО)
ашық дереккөзден

49 жасқа қараған шағында "Интерны", "Кухня", "Папины дочки", "СашаТаня", "Реальные пацаны" және басқа да сериалдардағы эпизодтық рөлдері арқылы танылған актриса Татьяна Плетнева қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның өмірден өткені туралы әлеуметтік желіде режиссер Марат Никитин жазды.

"Танечка, бұл қалай болғаны? Актриса Татьяна Плетнева өмірден өтті. Жүрегім ауырып, санам бұған сенуден бас тартып тұр. Біздің Танечкамыз, жарық жүзді, өмірге құштар, шексіз талантты Татьяна Плетнева арамыздан кетті. Ол небәрі 48 жаста еді. Алда әлі қаншама рөл, жоспар және бақытты сәттер болуы керек еді", – деп жазды ол.

БАҚ мәліметінше, актрисадан қатерлі ісік анықталған. Ол ем қабылдап, аурумен күресін жалғастырған, алайда жағдайы нашарлай берген. Плетневаның жақындары оның бірнеше айдың ішінде күрт әлсіреп, ауруханада көз жұмғанын айтқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер