Голливуд актрисасы Кэмерон Диас пен оның жұбайы, музыкант Бенджи Мэдден үшінші рет ата-ана атанды. Ерлі-зайыптылардың ұлды болғаны белгілі болып, оған Наутас есімі берілді, деп хабарлайды kznews.kz.
Қуанышты жаңалықты жұлдыздың жұбайы Instagram парақшасында бөлісті.
"Кэмерон екеуміз үшінші баламыз – Наутас Мэдденнің дүниеге келгенін қуанышпен хабарлаймыз. Ұлымыз, бұл әлемге қош келдің!" – деп жазды ол.
Айта кетейік, Кэмерон Диас биыл тамыз айында 54 жасқа толады.