ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин өмірден озды

Танымал қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин өмірден озды

Қазақ телевизиясының құрметті ардагері Сұлтан Оразалин 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған.

Ол - Қазақстандағы көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Қазақ телевизиясының әдебидрамалық программалар бас редакциясын тұңғыш рет ұйымдастырып, 15 жылдан астам басқарды.

Олардың ішінде «Сұхбат», «Қымызхана», «Кездесу», «Шұғыла», «Айтыс», «Халық қазынасы» т.б. хабарлар циклы мен «Кек», «Отырар ойраны», «Өлім фабрикасы», «Қашқын» т.б. телеқойылымдары халыққа кеңінен танылды.

«Айтыс» хабарын ол тұңғыш рет ұйымдастырып, көп жылдық бағдарламасын жасады, алғашқы хабарды өзі эфирде жүргізді. Оразалин ауыз әдебиеті жанрларын, оның ішінде айтыс, терме, жыраулық өнер т.б. қайта жаңғыртып, көгілдір экранда насихатталуына зор үлес қосты

Автор
Айбар