Қысқа сілтеме алу
Танымал қазақ әншісі Динара Сұлтан қаңтарда "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісін алған болатын
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Динара Сұлтан алтыншы баласын дүниеге әкелді. Бұл жайында ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
"Адамнан адам шығу оңай емес... Қош келдің, ұлымыз. Алла ұлық!", - деп жазды Динара Сұлтан.
Ал жанкүйерлері мен әріптестері әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.
"Алаштың азаматы болсын", - деп жазды ақын Айнұр Тұрсынбаева. Сондай-ақ, Мөлдір Әуелбекова, Жазира Байырбекова, Маржан Арапбаева және өзге де шоу бизнес өкілдері әншіні құттықтап, тілек білдіріп жатыр.
Айта кетейік, енді Динара Сұлтанның 3 ұл, 3 қызы бар.
Әнші жыл басында "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісін алған болатын.
sputniknews.kz