«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал продюсер ресейлік әнші Филипп Киркоровтың Қазақстандағы концертіне қарсы шықты

Танымал продюсер ресейлік әнші Филипп Киркоровтың Қазақстандағы концертіне қарсы шықты

Продюсер Алуа Қонарова Астанада өтетін ресейлік әнші Филипп Киркоровтың концертіне қарсы шықты.

"Қазақстанның мәдени өмірі қызу жүріп жатыр. Көптеген іс-шаралар өтуде. Көп мыңдаған аудитория жинаған қазақстандық әртістермен бірге опен эйрлер өтіп жатыр. Ондай көрермендер 2000-ның басында тек ресейлік әншілерге баратын. Алматыдағы Димаштың концерті бәрін дүр сілкіндіріп, бірде бір бос орын болмады. Ресейлік әртістер бізде әрқашан үлкен ақы үшін өнер көрсететін. Окей, соғысты қолдамайтын Алла Пугачева, Би 2, Шевчук, Борис Гребенщиков, Галкин және т.б әртістерге ешқандай қарсылығым жоқ.

Бірақ, астаналықтар мына әншінің концертіне бармайтын шығар деген үміттемін. Оның айқын ұстанымы естеріңізде болар? Оны қатты жақсы көретіндер, оны spotifay-ден тыңдап жүре беріңіздер", - деп ойын жазды Алуа Қонарова.

Филлип Киркоров 5 қараша күні концертін Астанада өткізсе, 7 қараша күні Алматы қаласында өткізбек.

Автор
Данияр