Тоқаев ҰҚК төрағасына бірқатар қатаң тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы 107 жасында өмірден өтті

Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы 107 жасында өмірден өтті
Фото: ашық дереккөз

Зұлқия Мұқанқызы 1958 жылғы 8 наурызда қазақ телевизиясының алғашқы эфирін «Кеш жарық!» деген сөзбен ашып, көгілдір экраннан қазақ тілінде алғаш сөйлеген диктор ретінде тарихта қалды.

Қазақ телевизиясының дамуына зор үлес қосқан ардагер диктор Зұлқия Жұматова 107 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол 12 жыл бойы жаңалықтар мен түрлі телебағдарламаларды жүргізіп, көрерменге танылды. Сондай-ақ Мұхтар Әуезовтен сұхбат алып, балаларға арналған өлеңдер мен ертегілер жазған.

Ардагер диктордың өмірі мен еңбегі қазақ телевизиясының қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Оның артында ұлттық тележурналистиканың дамуына қосқан елеулі үлесі қалды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.