Шоу-бизнес

Танымал футбол маманы Халимжан Ержанов дүниеден өтті

KZNEWS KZNEWS
Танымал футбол маманы Халимжан Ержанов дүниеден өтті

Танымал футбол маманы Халимжан Ержанов 56 жасында қайтыс болды. Оның неден көз жұмғаны айтылмады.

"90-жылдардың соңында Халимжан Сағидоллаұлы "Тобылдың" ел чемпионатына қайта оралуы үшін үлкен жұмыс атқарды.

Рас, біздің команданың көптеген табысы осы кісінің есімімен тығыз байланысты, оның ішінде біріншіліктің жалғыз алтыны бар. Соңғы жылдары Халимжан Ержанов "Орталық" стадионында лауазымды қызметтер атқарды", - делінген клубтың хабарламасында.

Айта кетейік, Ержанов павлодарлық "Ертістің" директоры болып, Ұлттық футбол лигасын басқарған болатын.

nege.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz