Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Танымал блогердің көлігін сұрап алған»: Алматы облысында қауіпті трюк жасаған жігіт мерт болды

«Танымал блогердің көлігін сұрап алған»: Алматы облысында қауіпті трюк жасаған жігіт мерт болды

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алматы облысында блогердің көлігін алып, қауіпті трюк жасаған жас жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Kznews.kz



Алматы облыстық ПД мәліметінше, 29 қазан күні Ақсай ауылындағы «Сокол» автодромының аумағында бейнеролик үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жас жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түскен.

«Нәтижесінде жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды, онда 30 қазан күні есін жимастан жан тапсырды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Қайтыс болған жігіт трюк жасау үшін танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін сұрап алған.
Автор
Айбар