Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал блогер Салтанат Аманқосова тойда долларлап шашу шашты

Танымал блогер Салтанат Аманқосова тойда долларлап шашу шашты
Фото: Ашық дереккөзі

Ақтаулық танымал блогер Салтанат Аманқосова той үстінде «доллардан шашу шаштық» деп видео жариялап, желіні шулатты, деп хабарлайды kznews.kz.

Айтуларынша, той блогердің туған сіңілісі Альбинаның бір жасқа толған қызына арналған. Дәл осы қуанышта Салтанат Аманқосова ерекше «шашу» жасағанын көрсетіп, оқиғаны желіге өзі бөліскен. Видеода тойдың көңілді атмосферасы мен жұрттың назарын бірден аударған сәттер байқалады.

Блогер жазбасында: «Ал, жалғыз жиенім 1 штук жиенімнің тойы деп, көке екеуіміз 1 дoллapдан 100 штук шаштық. Той құтты болсын жаным», – деп атап өткен. Осы сөздерден кейін желі қолданушылары видеоны қызу талқылауға кіріскен. Бірі мұны мәрттікке балап, енді бірі «шоу үшін жасалған әрекет» деген пікір білдірген.

Пікірлердің арасында қолдау да, күмән да қатар жүр. Кейбірі «Мықты Салтош» деп мақтаса, тағы бірі «Маңғыстау осы шашу дәстүрін шынымен сақтап қалған топырақ қой. Беташарда шашады, қойып ақша жинамайды» деп дәстүрді тілге тиек еткен. Ал үшіншілері «Шын ақша ма шашқаны?» деп нақтылап сұрап, видеодағы көріністің рас-өтірігін талқылаған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер