Блогер тек түсіндіру жұмыстарымен шектелу дұрыс деп ойлайтынын айтты.
Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева Түркістан облысында тойда түсірілген видеоға қатысты полиция қылмыстық іс қозғап, бірнеше тәулікке қамауға алынған тұрғын жайлы өз пікірін жазды, деп хабарлайды kznews.kz.
Блогер әлеуметтік желі парақшасында қарт адамды абақтыға апармай, тек түсіндіру жұмыстарымен шектелу дұрыс деп ойлайтынын айтты.
«Артық кеттік! Ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізсе жеткілікті еді ғой. Шал адамды осы жасында абақтыға апарғанымыз жөн емес деп ойлаймын. Керісінше осындай түсінікті өзгерту жөнінде жұмыс жүргізу керекпіз!. Шаш ал десе бас алмайықшы!»- деп жазды, журналист.