Танымал әнші, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Айдана Меденова әлеуметтік желіде жаңа бейнежазба жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Видеода ол ән айтып, өлең оқып отырғаны көрінеді. Бұл оның өнерге қайта оралғанын білдіргендей әсер қалдырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Алайда желі қолданушылары үшін ең тосын жайт — әншінің орамалысыз, яғни хиджабсыз көрінуі болды. Бұған дейін діни көзқарасын ашық ұстанып жүрген Айдананың бұл бейнесі көпшілікті таңғалдырды. Нәтижесінде әлеуметтік желіде қызу пікірталас басталды.
Желіде пікірлер екіге жарылғанымен, басым бөлігі әншіге қолдау білдіріп жатыр. «Иман тек киіммен өлшенбейді», «Өнерге қайта оралғаны қуантады», «Өте әдемі» деген жылы сөздер жиі кездеседі. Кейбір қолданушылар оның жеке таңдауын құрметтеу керектігін атап өтті.
Дегенмен әнші әзірге хиджабын шешу себептері туралы ресми түсініктеме берген жоқ.