Танымал қазақстандық театр және кино актрисасы, тележүргізуші әрі блогер Жанель Мақажан әлеуметтік желіде жаңа бейнежазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.
Видеода актрисаның хиджабсыз көрінуі желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызған. Жазба астында оқырмандар оның сырт келбетіне қатысты ойларын білдіріп, пікірталас өрбіткен.
Сонымен қатар Жанель Мақажан шығармашылық бағыттағы жаңа жобалары туралы да бөлісіп, енді той жүргізу және ұзату саласына белсенді араласатынын айтты. Оның айтуынша, ол қуанышты кештерді жоғары деңгейде өткізуге ниетті екенін жеткізген.