Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал актер "МузАрт" тобына қатысты ел естімеген шындықты айтты

Танымал актер "МузАрт" тобына қатысты ел естімеген шындықты айтты
ашық дереккөзден

Түркістан театрының актері Шерхан Саматұлы "Қайырлы таң, Қазақстан" бағдарламасына қонақ ретінде қатысты. Сұхбат барысында ол "МузАрт" тобына арналған сахналық қойылым туралы әңгімеледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Актердің айтуынша, қойылымда топтың құрылу тарихы мен шығармашылық жолы кеңінен қамтылған. Сонымен қатар, сценарийдің қалай жазылғаны және қойылымның мазмұны туралы да өз ойын бөлісті.

"Басында Мақсат Базарбаев пен Мейрамбек Бесбаев топты құрады.  Яғни, біз трио құрсақ деген арманда жүреді. Мейрамханада ән айтып жатқан Сәкен Майғазиевті көріп қалады. Үшеуі бірігіп, топ құрады. Гастрольдерге шығады. Бір бас продюсер келіп Мақсаттың ойын бұза бастайды. Топтың арасына іріткі салған. Ол Мақсатқа "Сен топқа жараспайтын сияқтысың. Сен жеке ән айтатындай әншісің" дегендей сөздер айтады. Сөйтіп оны жеккөрінішті қыла бастайды. Азғырады, манипуляция жасайды. Ақыры Мақсатты өзі кететіндей қылады. Ең мықты тұсы: Мейрамбектің ауырған кезі. Сол шақта бүкіл халық болып дұғада болған. Сол тұсын балет әртістерінің көмегімен керемет етіп, режиссер істеп шықты. Мұны, бұйырса, қонаққа келгенде көре жатарсыздар", – деді Шерхан Саматұлы.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер