Фото: Бауыржан Жуасбаев
Астана. BAQ.KZ. Бүгін Астанада VIII Азаматтық форумында Қазақстан Азаматтық альянсының азаматтық қоғамның құрылуына және дамуына үлес қосқан қазақстандық ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер мен қоғам қайраткерлеріне "Таным" республикалық-қоғамдық сыйлығы табысталды.
Форумда 16 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:
"Белсенді азаматтық ұстаным" номинациясы – "Мама Про" әлеуметтік осал әйелдерді дамыту және қолдау қоры;
"Азаматтардың пайдасы үшін серіктестік" номинациясы –"Дос" тәуелсіз өмір" мүгедектер орталығы қоғамдық бірлестігі;
"Азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін" номинациясы – Серікқұл Берікқожа
"Жыл дебюті" номинациясы – Астана қалалық триатлон федерациясы және "Astana" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы";
"Волонтерлікті дамытуға және ілгерілетуге қосқан үлесі үшін" номинациясы – «Парыз» Сарқан ауданының еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігі;
"Балалар – біздің болашағымыз" номинациясы – мектепке дейінгі балаларға арналған "Ұмай" емдік-тәрбиелік қайырымылық мектебі мекемесі;
"Шексіз әлем" номинациясы – "Солнечный мир" қоғамдық қоры;
"Инклюзивтік спорт жәнк инклюзивті білім беру" номинациясы – "Үміт-Надежда" тірек қозғалысы аппаратының қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамдық бірлестігі;
"Өмір үшін" номинациясы – "Үміт үзбеу" қоғамдық қоры;
"Дені сау ұлт – гүлденген Қазақстан" номинациясы – Q-med корпоративті қоры;
"Адам құқықтарын қорғау және көтермлеу" номинациясы – Маңғыстау облысы бойынша "Азаматтық құқық" ЖМ;
"Ауылдағы азаматтық бастама" номинациясы –"Балатай" қоғамдық бірлестігі;
"Тиімді қоғамдық кеңес" – Өскемен қалалық қоғамдық кеңесі;
"Әртүрлі тұлғалар тең мүмкіндіктер" номинациясы – "Женский луч" қоғамдық бірлестігі;
"Таза ғаламшар" номинациясы – "Дворянин" жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қоры;
"Бейбітшілік, келісім конфесияралық диалог негізі" номинациясы –"Сунна" спорттық ойындар федерациясы;
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!