ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тәліптер желіде өздері туралы әзіл айтқан адамды өлтіріп кетті (видео)

Тәліптер желіде өздері туралы әзіл айтқан адамды өлтіріп кетті (видео)

Құқық қорғаушылар «Талибан» лаңкестік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары интернетте Хаша Цван деген лақап атпен танымал әйгілі ауған әзілкеші Назар Мұхаммедті аяусыз өлтіргенін айтты, деп хабарлайды  Dailymail

Human Rights Watch ұйымының мәліметінше, Мұхаммедті шілде айының соңында Қандагарда тәліптер өлтірген, қала содырлардың қолына өткен. Кейінірек топтың өкілі абиулла Муджахид Мұхаммедке оқ атқан екі содырдың тәліптер екенін растады. Оның айтуынша, бұл адамдар қамауға алынған және олар сот алдында жауап береді.

Газеттің хабарлауынша, содырлар әзілкешті белгісіз бағытқа үйінен алып кетіп, кейін өлтірген.

Мұхаммед тәліптерді ән мен билері арқылы үнемі мазақ ететін видеолары арқылы танымал болды. Видеоның кейбірі TikTok-тағы аккаунтына жүктелді.


Автор
Айбар