Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тәліптер телеарнада жұмыс істейтін әйелдерден бетін жауып жүруді талап етті

Тәліптер телеарнада жұмыс істейтін әйелдерден бетін жауып жүруді талап етті

"Талибан" билігі (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстандағы телеарналардан тележүргізуші әйелдер жергілікті телеарналарда эфир кезінде бетін жауып жүруін сұрады, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы "Талибанның" Адамгершілік және ізгілік министрлігінің баспасөз хатшысы Акиф Махаджар хабарлады.

"Кеше БАҚ өкілдерімен кездестік... Олар біздің кеңесімізді қуана қабыл алды", - деді Махаджар.

Ведомство атынан айтылған мәлімдемеде бұйрық "түпкілікті және келісілмейтіні" жазылған.

Жаңа талап 21 мамырдан бастап күшіне енеді. Алайда бұл талапты орындамаған жағдайда салдары қандай болатыны белгісіз.

Артынша, Желіде ауған тележүргізуші әйелдердің суреті тарай бастады.

Автор
Айбар