Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Талғарда тағы да қылмыс: бір топ адам жас жігітті пышақтап, өлтіріп кетті

Талғарда тағы да қылмыс: бір топ адам жас жігітті пышақтап, өлтіріп кетті
Фото: instagram.com/zifaya_abdrim

Қайғылы оқиға Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде болған

Алматы облысына қарасты Талғар ауданында тағы да сұмдық жағдай болды. Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде 20 жастағы жігітті бір топ адам пышақтап, өлтіріп кетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Желідегі мәліметке сүйенсек, 10-нан аса адам жас жігітті қоршап алып, аяусыз соққыға жыққан. Салдарынан жас жігіт алған жарақатынан сол жерде тіл тартпай кеткен.

«Қолымызда видео түріндегі дәлеліміз, 30-дан аса куәгеріміз бар. Одан бөлек, біздің отбасымызға қысым жасалып жатыр, бізге келісімге келіп, татуласқанымыз жөнінде қағаздарға қол қоюымызды күштеп жатыр. Осылайша жауапкершіліктен қашып кетпекші. Бірақ біз үнсіз қалмаймыз. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, қатысушылардың бірі – Ильшат Тұрғанов осыған дейін де ұқсас жағдайларда болған», – дейді марқұмның қарындасы Зифая Абдрим.

Алматы облысының Полиция департаменті агенттік тілшісіне болған жағдайды растап, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

«Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде 12 сәуір күні болған кісі өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша полиция қызметкерлері екі қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында және дер кезінде таратылған бағдарлар арқасында 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар бұзақылық дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның ішінде екеуіне қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Ал кәмелетке толмаған күдіктіге қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Оқиғаға қатысты барлық куәгер анықталып, қылмыстық іс аясында жауап алынды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық тараптардың уәждері мұқият тексеріліп жатыр.

Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Айта кетейік, 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Алматы облысының Талғар қаласында болған төбелес салдарынан Шерзат Полаттың жүрек тұсына пышақ сұғылып, 16 жасар жасөспірім қаза болған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.