Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Талғарда әкесінің қабіріне құран бағыштауға барған жігітті пышақтап өлтіріп кеткен: Марқұмның отбасы сотта 100 миллион теңге талап етті

Талғарда әкесінің қабіріне құран бағыштауға барған жігітті пышақтап өлтіріп кеткен: Марқұмның отбасы сотта 100 миллион теңге талап етті
Фото: ашық дереккөз

Қылмыс 2026 жылдың мамыр айында Талғар ауданында болған.

Алматы облысында 24 жастағы жігітті пышақтап өлтірген күдіктілерге қатысты сот басталды, деп хабарлайды kznews.kz

24 жастағы Жанасыл інісімен бірге әкесінің қабіріне барып, зираттан қайтып келе жатқан. Қайтар жолда олардың алдынан есіктері ашық тұрған көлік шығып, жолын бөгеген. Көліктің ішінде үш жігіт отырған. Ағайындылар көлікпен өту үшін есіктерін жабуды сұраған. Алайда олар агрессия танытқан.

Жанасыл жолды жауып тұрған көлікті айналып өтіп кеткен. Алайда күдіктілер оның артынан қуып, үйінің маңында жас жігітті пышақтап өлтірген.

Қазір аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық режимде қаралуда.

Қылмыстық іске қатысы бар үш жігіттің жасы 19 және 20-да. Олардың біреуі "адам өлтірді" деген айыппен, ал екі сыбайласы "қылмысты жасырып қалды" деген айыппен сотқа тартылды. 

Сотта күдіктілер оқиғаның қалай болғаны туралы өз нұсқаларын айтты. Олардың сөзінше, Жанасыл көлікке сигнал берген. Ал адам өлтірді деп айыпталған Елхан оған көлікті айналып өтуді қолымен көрсеткен. Жанасыл маневр жасап жатқан кезде жігіттерді балағаттап, содан кейін олар оның артынан қуған.

Алайда марқұмның інісі Еркебұлан Сәрсенбайдың айтуынша, оқиға мүлде басқаша болған.

Марқұмның інісі үйдің алдында көліктен үш жігіттің түсіп, Жанасылға қарай барғанын айтты. Еркебұлан жолаушы жақтағы есіктің жанында тұрған. Оның сөзінше, сотталушылар айтқандай ешқандай жанжал немесе сөзге келу болмаған.

Кенет айыпталушы Елхан Жанасылға екі пышақпен соққы жасаған. Еркебұлан үйге жүгіріп кіріп, анасына ағасын пышақтап кеткенін айтқан.

Жедел жәрдем келгенге дейін марқұмның анасы Алмагүл Нұрғизат жараланған ұлын құшағында ұстап отырған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Жанасыл жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Сот отырысында қайғыдан қан жұтқан ана үш айыпталушының ешқайсысын кешірмейтінін мәлімдеді.

Жәбірленушілердің адвокаты айыпталушылардан моральдық зиян ретінде 100 миллион теңге өндіруді сұрады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.