Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Талғар қаласына жаңа әкім сайланды

Талғар қаласына жаңа әкім сайланды

15 желтоқсанда Талғар қаласына жаңа әкім сайланды. Сайлау нәтижесінде Арыстанбек Абилхаирұлы жеңіске жетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Әкімдік ақпаратынша, 15 желтоқсанда Талғар ауданы Талғар қаласы әкімін сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізілді. Дауыс беруге 12 875 сайлаушы қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша мынадай нәтиже тіркелген: Арыстанбек Абилхаирұлы сайлаушылардың 9071 даусына ие болған. Каденов Жәнібек Жанболатұлына 1875 дауыс берілді. Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы үшін 1140 сайлаушы дауыс берді.

"Барлығына қарсы" белгісі бар бюллетеньдер саны – 182. Сайлау қорытындысымен Талғар қаласының әкімі болып Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды.

Ол 1983 жылы туған, "Талғар тұрғын үй" ЖШС -нің директоры, Талғар қаласының тұрғыны.

Автор
Айбар